Шымкенттегі «Техникалық инспекция» мемлекеттік кәсіпорны жекенің меншігіне өтті. Кәсіпорын басшылығы қызметіне бұрын құрылыс компаниясының заң бөлімін басқарған Шалхар Рыспанов келді.
Айта кетейік, кәсіпорын 22 жыл бойы мемлекеттің меншігінде болған. Бүгінде серіктестік ретінде құрылған мекеменің негізгі қызметі өзгермейді, тек жұмыс көлемі ғана артады дейді мамандар.
Айта кетейік, жекешелендірудің екінші толқыны басталғалы бері облыста 3 коммуналдық кәсіпорын жекенің меншігіне өтті. «Техникалық инспекциядан» бөлек Кентау қаласындағы «Сәулет және құрылыс», Төле би ауданындағы «Алатау» шаңғы базасы жекешелендірілді.