Халық тұмауға қарсы егу салдыруда

523

Шымкентте тұмауға қарсы егу науқаны басталғаны белгілі. Осыны ескерген халық емханаға көптеп ағылуда. Әсіресе, №5 қалалық емханада ине шаншар жер жоқ.

000Мұнда жиналған халықтың барлығы да денсаулығын нығайтып, тұмаудан қорғайтын тегін вакцинаны салдырмақ. Алайда халық тегін екпе арнайы топқа кіретін азаматтарға ғана салынатынын біле бермейді. Бұл топқа науқастармен тікелей жұмыс істейтін дәрігерлер, жүкті әйелдер, жас балалар, қарт кісілер мен денсаулығы әлсіз адамдар кіреді. Мамандардың айтуынша, биыл емханаға 12 мың екпе бөлініп отыр.

 

 

 

 

[youtube]http://youtu.be/Fzfyx42IbB0[/youtube]