Қазақстан жазушылар одағының Оңтүстік Қазақстан облысындағы филиалында — жаңа төраға. Қаламгерлерге жетекші болып ақын Бақытжан Алдияр тағайындалды.
Қазақ қоғамына көптеген шығармаларымен танылған дарын иесі күні бүгінге дейін поэзия әлеміндегі бірнеше сыйлықтарға қол жеткізіп үлгерген.
«Оңтүстiк циркте» де — жаңа басшы. Өнер ордасының директоры болып Арман Махмұтұлы Әлиев тағайындалды.
Көпшілікке «Арман-тракторист» лақап атымен танымал болған өнер адамы 2012-2013 жылдар аралығында цирктің жарнама бөлімінің меңгерушісі болып қызмет еткен. 36 жастағы жаңа басшы — Қызылорда облысының тумасы. Алайда еңбек жолын Оңтүстіктен бастаған.