Енді Шымкент қаласындағы жолаушылар тасымалдаумен айналысатын көліктердің терезелерін күңгіртеуге тыйым салынады. Бұған қоса қоғамдық көлік иелері салондағы перделер мен жарнама қағаздарын толығымен алып тастаулары тиіс. Бұл жайында қаладағы барлық 33 көлік компаниясының басшылары ескерту алды.
Қала әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің күн сайын жасаған рейді нәтижесінде заңды өрескел бұзған 7 көлік компаниясының құжаттары сотқа тапсырылған.
[youtube]http://youtu.be/SXpyXNb6SeU[/youtube]
Бұл жиын барысында өткен аптада орын алған көлік апаттарының себеп-салдары талқыланды. Қоғамдық көліктердің қатысуымен жиі орын алып жатқан келеңсіз жағдай жолаушыға таласқан жүргізушілерге әлі сабақ болар емес. Жарыстың көбіне жол бойын торыған «секундомерлер» себепкер болып жатады. Шаһарда 38 жерде заңсыз әрекет ететін осындай адам бар екен.
[youtube]http://youtu.be/LN-zDQrqiYE[/youtube]
Қала басшылығы жиілеген көлік оқиғаларына байланысты қоғамдық көліктерді қатаң бақылауға алмақ. Енді рейдтік шараға прокуратура қызметкерлері де қатысатын болады.