Шымкентте АН-72 ұшағының апатына кінәлі деп танылған диспетчер бостандыққа шықпайтын болды. Бұл туралы кассациялық сотта мәлім болды.
Еске салайық, еліміздің шекара қызметінің басшылары мінген ұшақ 2012 жылдың желтоқсанында апатқа ұшыраған болатын. Сот әуелі 30 жастағы Ақылбековты 6 жылға соттап, артынша жаза мерзімін апелляциялық шағым бойынша екі жылға қысқартқан болатын.
«Қазаэронавигация» мекемесінің басшылары бұл үкіммен келіспеген. Судья екі тарапты да тыңдап болған соң 4 жыл қоныс колониясында жазасын өтеуге кесілген Ақылбековтың мерзімін өзгертудің қажеті жоқ деп тауыпты.
Ал диспетчердің адвокаты мұнымен келіскен жоқ. Енді ол шағым жазып, Жоғарғы сотқа жүгінбекші. Айта кетейік, бұл сотқа әуе апатында қайтыс болған шекарашылардың туыстары мүлдем келген жоқ. Қанат Ақылбековтың тарапынан тек әкесі қатысты.