Бүгін Абай саябағындағы 50-60 жылдан бері өсіп тұрған қураған ағаштарды кесіп, тал-дарақты жаңарту жұмыстары басталды. Шымкенттегі «Жасыл қала» мекемесінің жұмысшылары олардың орнына 3 мыңнан астам түрлі көшеттерді отырғызған.
Жаңадан отырғызылған көшеттердің арасында, әсіресе, қылқан жапырақты ағаштар көп. Яғни, шыршалар. Сала мамандарының мәлімдеуінше, соңғы жылдары 32 гектар алқаптың 75 пайызына жас көшеттер егілген. Бұл жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады олар.
[youtube]http://youtu.be/7QHi4muZ2K8[/youtube]