Дәл қазіргі сәтте «Отырар» телеарнасы, «Оңтүстік Рабат» және «Рабат» газеттерінің редакциясында ашық есік күні өтуде. Төреқұлов көшесі, 15-үйге келген әр оқырман өзі таңдаған газетіне жазылып жатыр. Қала тұрғындарының газеттерге тек жазылып қоймай, лоторея ұтысына қатысып, түрлі заттар ұтып алу мүмкіндігі де бар.
Редакцияда заңгер тегін кеңес беріп, зейнетақы мен жәрдемақыға байланысты сауалдарға тиісті сала мамандары жауап беруде. Көз дәрігері, эндокринолог дәрігерлер тегін қызмет көрсетіп, коммуналдық қызмет мамандары (жарық, су, жылу, газ) түсінбей жүрген төлемдерге қатысты түсіндіру жұмысын жүргізуде.
Бұдан басқа отандық өнімдердің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Сондай-ақ, қалалық жұмыспен қамту бөлімінің мамандары сізге бос жұмыс орнын ұсынадыа.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=7nsWUZxzCOo[/youtube]
Қайталап айтар болсақ, мұнда дәрігерлер, әлеуметтік саланың мамандары да тегін кеңес беруде. Баспасөзге жазылу түскі сағат 15:00-ге дейін жалғасады. Ендеше, қапы қалмаңыз, оқырман! Келіңіз, көріңіз, сүйікті басылымдарыңызға жазылыңыз!