Ашынған тұрғындар жолды жаппақ болды

286

Шымкентте көлік апаттарынан қауіптенген тұрғындар жолды жауып тастамақ болды. Ашынған адамдардың айтуларынша, үйлерінің дәл іргесінен өтетін Шымкент -Самара тасжолында биылдың өзінде 30-ға жуық жол апаты орын алған. Соның салдарынан жиырма шақты тұрғын мүгедек болып қалған.

006Жол апатынан қайтыс болғандар да бар дейді жергілікті жұртшылық. Жол бойына былтыр ғана жаяу жүргіншілер жолағы сызылғанмен, одан да қайран болмай тұр. Жуырда ғана тағы бір жол апаты салдарынан бір тұрғын ажал құша жаздаған соң тұрғындар амалсыздан жолды мүлде жауып тастауға бекініпті.

Айта кетейік, ынтымақтықтар дәл осы жолды былтыр ғана бір сағатқа жуық жауып тастаған болатын. Көпшіліктің бұл әрекетінен соң жауаптылар біраз жұмыс жасаған. Бағдаршам орнатып, жол белгілерін сызып беріпті. Дегенмен, халық енді жауаптылар тиісті шараларды қолға алмаса, бірде-бір көліктің өтуіне жол бермейміз дейді.

[youtube]http://youtu.be/ww9BcYiBUp0[/youtube]