Шымкенте жолаушы тасымалымен айналысатын қоғамдық көлік жұмыстарын жақсартуға жалпы жұрт жұмылуда. Қала әкімдігіне қарасты жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жұмыстарынан нәтиже шықпаса керек, халыққа қызмет көрсететін жүргізушілерді тәртіпке шақыруға қала әкімдігінің ішкі саясат бөлімі де араласты. Оның себебі, жолаушылар тасымалдайтын көліктердің қатысуымен орын алатын қайғылы жағдайлардың алдын алу керек.

004

Қала әкімінің орынбасыры Баһадүр Нарымбетов бастаған арнайы автобустар жұмысын тексеруді Төлеби көшесінен бастады. Қашанда көлік кептелісі көп бұл көшеде заңсыздыққа жол берген қоғамдық көліктерді тек көзі көрмейтіндер ғана байқамаса керек. Мұндай жүргізушілер үшін заң да, ереже де жоқ секілді. Автобус тізгінін ұстағандар ойына келгенін жасайды. Топтың осы аялдамада жарты сағат тұрғанның өзінде тоқтатылған бірде бір автобус талапқа сай міндетін орындамайтыны бірден белгілі болды.

[youtube]http://youtu.be/7X8ZUrP5JrI[/youtube]

Шымкент қаласында жолаушылар тасымалдаумен айналысатын 33 компания 86 бағыта мыңнан аса кесте бойынша қызмет көрсетеді. Жыл басынан заңды өрескел бұзып, адам өміріне қауіп төндірген 19 компанияға 740 мың теңге көлемінде айып салыныпты. Ескерту жасалған 7 компаниямен арадағы келісім-шартты бұзу үшін тиісті құжаттар сотқа жолданған. Өкінішке орай, теңге үшін жарысқан жүргізушілерді бұл жаза тоқтатар емес.

[youtube]http://youtu.be/fHrOhT0473Y[/youtube]

Рейд қорытындысында қала әкімдігі заңды орындамаған көлік компанияларымен жұмысты тоқтататынын ашық айтты. Әзірге тек ескертулермен шектелсе, бұдан былай талап күшейтіледі. Ал әкімдіктің көлік бөліміне бір аптада ішінде бағыттағы көліктердің қозғалыс жиілігін қайта қарастыруға тапсырма берілді.