Бағдаршамға оқ атып, бүлдіргендер іздестірілуде

224

Шымкентте бағдаршамға оқ атып, жарамсыз еткен бұзақылар іздестірілуде. Қаладағы Арғынбеков көшесі мен Бәйдібек би даңғылында белгісіз біреулер атыс қаруымен бағдаршам мен жол белгілеріне оқ атқан. Соның салдарынан темір жол белгілерінің беті бүлінген.

001

Ал бағдаршамның сары түсті бөлігі мүлде істен шығып, жерде құлап жатыр. Оны көрген қалалық көлік және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлері мемлекетке шығын келтірген бұзақылардың әрекетін полицейлерге хабарлады. Мамандардың айтуынша, бір бағдаршамның құны миллион теңге дейін жетеді. Осылайша қиылыстағы бағдаршамдарды іске жарамсыз еткендер мемлекетке 8 млн. теңге шығын келтіріп отыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=SuE0-rcoOEE[/youtube]