Отырар ауданының әкімі: «Биыл Арыстан баб кесенесіне 136 мың турист қыдырып келді»

436

Жыл басынан бері Арыстанбаб кесенесіне 136 мың турист келіп, 20 миллион теңгедей пітір садақасы жиналған. Бұл жөнінде 9 айда атқарылған істерді қорытындылап, баспасөз брифингін өткізген Отырар ауданының әкімі Салыхан Полатов хабарлады. Оның айтуынша, бұған дейін пітір жәшігінің бетіне сол жердегі шырақшылар орамал жайып, садақаға түскен қаржы біреулердің қалтасына кетіп отырған көрінеді. Бұл мәселе төңіргінде кезінде құзырлы органдар қылмыстық іс те қозғаған екен. Ал қазір онда бейне-бақылау жүйесі орнатылып, арнайы терминалдар қойылған. Қосымша жәшіктер де бар.

vlcsnap-2014-11-18-16h48m59s118

Ал арабтар жалға алған жерге аэропорт салғаны жөнінде жауап беруден әкім бас тартты. Себебі, үкімет аралық келісім бар. Ол біздің құзырымызда емес дейді. Сонымен қатар өңір басшысының тапсырмасы бойынша облысымыздың оңтүстігіндегі халқы тығыз орналасқан аудандардан 400 отбасын Отырарға көшіруге аудан башылығы ұсыныс беріп отыр екен.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=NoPa65UZio0[/youtube]

Салыхан Полатов, Отырар ауданының әкімі:  «Біз бағдарлама аясында 400 отбасын көшіріп алуға ұсыныс бердік. Оларға біз не ұсынып отырмыз? Олар келген кезде үй салатын 10 соттық жер. Одан басқа үй іргелік егін егетін 15 соттық жер. Одан өзгеге келсек, қазір біз жұмыс жасап жатырмыз. Енді барлығы заңға байланысты болады.»