Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында есірткі заңсыз сатқан және делдал болған азаматқа үкім шықты. Оларды 1-тамыз күні Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері қолға түсірген болатын.
Айыптаушылар 291 грамм марихуана сату үстінде қолға түскен. Ұсталғандардың бірі бұрын сотты болса, екіншісі наркологиялық диспансерде есікрткі қоланушы ретінде тіркелген. Тергеу жұмыстарының нәтижесінде олардың қылмысы дәлелденіп, бүгін сот үкім шығарды. Есірткіні тікелей сатушы он жыл бас бостандығынан айрылса, ортадағы алыпсатар 6 жыл 6 айға темір торға тоғытылды.