Шымкент көлік прокуратурасы 692 заң бұзушылық істі анықтады. Оның басым бөлігі теміржол қауіпсіздігі мен әуе тасымалдау ісіндегі қылмыстық фактілер болып отыр. Сондай-ақ, біршама экономикалық қылмыстарда әшкере болып отыр.
Солардың бірі — бір топ кәсіпкер Қазақстаннан Өзбекстанға 9 вагонға тиелген қара металды өткізбек болыпты. Бұл факті көлік прокуратурасы қызметкерлері арнайы тексеру нәтижесінде анықталып отыр. Пысықайлар мұнша тауарды жалған құжат жасап, өткізбек болыпты.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=hczNDAoIr44[/youtube]
Сондай-ақ, Шымкент қалалық көлік прокуратурасы мен кеденшілердің бірлесуімен Ираннан заңсыз жеткізілген тауарлар анықталды. Шымкенттік тұрғынның атына жеткізілген 63 вагондағы жүктің де құжаттары дұрыс болмай шығыпты. Осы қылмыстық істі ашу үшін төрт тергеу жұмысы жүргізілген.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=QebIT0pnlzQ[/youtube]
Бұған қоса Шымкент әуежайынан қаланың азаматшасы Түрік республикасының әкелінген алтын бұйымдарын заңсыз жолмен өткізбек болғаны анықталды. Бұл қылмыстық істі те ізі суымай ашылған.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=_Kx29Pxd918[/youtube]
Жалпы, Шымкент көлік прокуратурасының тексеруімен 692 заң бұзушылық анықталған. Орын алған қылмыстық істер бойынша 61 тұлға жауапқа тартылды. Мемлекет еншісіне 29 млиллион теңгеден астам пайда өндірілген.