Бұдан былай көлік ифрақұрылымы нысандарында терроризмге қарсы тексеру жүргізілетін болады. Себебі, сала мамандары бұл нысандарды террористік тұрғыдан осал қатарға жатқызып отыр.
Яғни, жолаушылардың қол жүгі мен багажы көлік инфрақұрылымы нысандарына әкелуге тыйым салынған заттар тізбесі бойынша тексеріледі. Алайда мұндай шараларды облыс ішіндегі және қалааралық бағыттардағы тұрақсыз жолаушы тасымалдау көліктерінде жүргізу әлі күнге жүйеленбей отыр.
[youtube]http://youtu.be/DV9RU-1jt1A[/youtube]