Күн суытып, жаңбыр жауғалы шымкенттіктерден маза қашты. Өйткені қалада ирригациялық жүйенің жұмысы мәз емес. Нөсерлі жаңбырдан соң белшеден су кешетін ағайын абыржып жүр. Алғашқылары арнамызға қоңырау шалып, көмек сұрады.
Солардың бірі — 112-орамның тұрғындары. Айтуларынша, 10 жылдан бері орамның барлық суы Жұманов көшесіне келіп тіреледі екен. Жиналған жаңбыр суы жүріп-тұруға қатты кедергісін келтірген соң арнайы шұңқыр қазып, амалдайды. Жиылған суды дер кезінде алып кету де қиынға соққан. Сондықтан көше тұрғындары қыс ауасында су астында қаламыз ба деп алаңдайды.
Бұл көшенің тұрғындары бүкіл 112-орамнан ағып келетін жауынды суды қайда жіберерін білмегендіктен, тереңдігі үш, ені төрт метр шұңқыр қазап, сай саладан жиналған суды осында ағызады екен. «ЛТД тұрмыс» мекемесінің арнайы техникасы шұңқырдағы суды жиі келіп, тазалап тұруға мәжбір. Олай болмаған жағдайда тасыған су үй аулаларын басып қалады.
[youtube]http://youtu.be/PQJctEoDUWo[/youtube]
10 жылдан бері көше тұрғындары өтініштерін айтып, бармаған жері, қақпаған есігі қалмағандарын айтады. «Нұр Отан» партиясынан да көмек сұраған. Енді қала басшыларынан қайыр болмаса, Астанаға арыз жазбақ. Армандары — көшеде көл болып жататын судан арылу.
[youtube]http://youtu.be/LIiRiXbbLkQ[/youtube]
Шымкент қаласында жалпы ұзындығы бір млн. метрге жуық арық бар. Көше саны көп болғандықтан, тіпті, кейбір көшелерге ирригация жүйесі қаралмаған. Амалы таусылған тұрғындар жол бойында шұңқыр қазып ,су жинауды ұйымдастыруға мәжбүр. Ал мамандар бір ғана 112-орамда осындай төрт көшенің бар екенін айтады.