Мәделі қожа көшесінің құрылысы қашан бітеді? Бұл- көрермендер тарапынан қойылатын көп сұрақтың бірі. Ерте көктемнен бері салынып жатқан жолдың бүгінде бір бөлігіне асфальт толық төселіп бітті. Енді арық-атызы реттеліп жатыр.

002

Мәделі қожа көшесінде халыққа қызмет көрсету орталығы орналасқандықтан, мұнда келетін адамдардың қарасы қалың. Көлікпен келгендер Қазиев немесе Рысқұлбеков көшесінің бойынан орталыққа жаяу жүруге мәжбүр. Анықтама алуға немесе құжаттарын рәсімдеуге асыққандар мұндай ыңғайсыздықтарға наразылықтарын білдіріп отыр.

Айта өтейік, Мәделі қожа көшесінде 754 метрлік жол бөлігі жаңаланып, кәріз және су жүйесі де қайта салынуда. Құрылыс барысы қала әкімдігіне қарасты жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қадағалауында.

[youtube]http://youtu.be/yhFI-U9EJww[/youtube]

Тұрғындар сабырлық танытса, мұндағы жол желтоқсан айында пайдалануға берілмек. Жаңалығы сол – аялдамалар халықтың сұраныса бойынша халыққа қызмет көрсету орталығының алдына орнатылған.