Осыдан екі ай бұрын пайдалануға берілуі тиіс Құрсай шағынауданындағы құрылыс әлі бітер емес. Құрсайдағы мектептің құрылысын сағызша созған мердігер компанияға айыппұл салынды.

002Айта өтейік, білім ордасының құрылысын «Строй импулсь» ЖШС жүргізуде. Биыл қыркүйек айында құрылыс жұмыстарын бітіруі тиіс мердігер мекемеге қосымша бір ай уақыт берілген болатын. Алайда өткен айда да жұмысын жүйелей алмаған компанияға 500 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салыныпты. Құны бір миллиард теңгені құрайтын құрылыстың мерзімі тағы да бірінші желтоқсанға дейін созылды.

Ал 1991 жылы жекенің қолына өткен Қазығұртағы балабақша сот арқылы білім бөліміне қайтарылған еді. 300 орындық мектепке дейінгі тәрбие беру орталығының құрылысын аяқтау үшін бюджеттен 400 миллион теңгеден астам қаржы да қаралған. Өкініштісі сол, бұл нысанда да құрылыс жұмыстары тоқтап тұр.

[youtube]http://youtu.be/oe2SfhNwLXk[/youtube]