Ордабасыда қос денсаулық нысаны ашылды

325

Өткен жұмада Ордабасы ауданының Ақбұлақ, Ордабасы елдімекендерінде фельдшерлік-акушерлік пункттер ашылып, ел игілігіне берілді. Осы күнге дейін қос ауылдағы медициналық ұйымдар ыңғайластырылған ғимараттарда орналасып келген болатын. Енді заман талабына сай жабдықталып, арнайы жобамен салынған медициналық бекеттер елдімекен тұрғындарына сапалы қызмет атқаратын болады.

005

Қос денсаулық нысанының құрылысын облыстық бюджет есебінен «Астана-Бексұлтан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Бөлінген қаржы — 72 млн. теңгеден асады. Жаңа медицина ұйымдарының ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Самат Сапарбаев елімізде адам және оның өмірі басты құндылық болып өлшенетінін айта келе, салауатты өмір салтын ұстану — денсаулық кепілі екеніне назар аударды.

004

Аудан басшысы жаңадан іске қосылған медициналық бекеттердің ел игілігіне одан әрі қызмет етуіне тілектестік білдірді. «Экономикалық қиын-қыстау кезеңде бюджет жетіспеушілігінен әлеуметтік нысандар барынша оңтайландырылып, ыңғайластырылған ғимараттарға көшірілген болатын. Бүгінде заман түзеліп, әр ауылдарда заман талабын сай бекеттер ашылуда» деді аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Болат Салыбекұлы.

Дереккөз: ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі