Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбеков Параазиялық ойындарға қатысқан спортшыларды қабылдады. Жерлестеріміз биылғы 13-25 қазан аралығында Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен XI Параазиялық ойындарда Оңтүстіктің намысын қорғап келген болатын.

006

Аталған спорттық додаға Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетуге облысымыздан 5 спортшы жолдама алды. Атап айтқанда жүзу спортынан Бекжан Есіркепов, Анастасия Соболева, Мансурбек Ибрашев өнер көрсетсе, жеңіл атлетикадан Дәренбай Нарыбеков, садақ атудан Александр Родионов сайысқа түсті.

008

Төрт жылда бір өтетін бұл спорттық додада 100 метр қашықтыққа аралас және еркін тәсілдермен жүзуден топтық сайыста Бекжан Есіркепов қос алтын медаль иеленіп, екі дүркін жеңімпазы атанды. Ал Ибрашев Мансурбек суда еркін тәсілмен жүзуден жекелей сында қола медальге қол жеткізді.

007

Облыс әкімінің орынбасары С.Қаныбеков спортшылар мен жаттықтырушыларды жеткен жетістіктерімен құттықтап, бас жүлде иегеріне 1 млн. теңгенің, 3-орын иегеріне 500 мың теңгенің сертификатын табыс етті.

Дереккөз: ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі