2012 жылдың 1-желтоқсаны Тұңғыш Пре­зидент күні болып белгіленгеніне орай еліміздің барлық ай­мақтарында бұл айтулы күн ауқымды түрде аталып өтуде. Сондай шаралардың бірі облыстық ішкі істер департаментінде де жоғарғы деңгейде өтті. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлайды.

 

Елбасымызды бұлайша құрметтеу, мәртебесін арттыру – бү­кіл халқымыздың құрметтелгені, мәртебесінің артқаны деп түсінген жөн. Департаменттің үлкен мәжіліс залында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының нәтижесінде еліміздің жеткен жетістіктерін кеңінен түсіндіру мақсатында, 1-желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті.

IMG_0008

Салтанатты іс-шарада сөз сөйлеген департаменттің бастығы, полиция генерал-майоры Асқар Оспанов тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен дамуындағы Ұлт көшбасшысының тарихи рөлін түсіндіріп, Елбасы саясатымен жасалып жатқан реформалар жайында баяндады.

«Елбасымыздың салиқалы саясатының нәтижесінде тәуелсіз Қазақ елі қалыптасты. Осы егемендігіміз арқасында тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Міне, Президентіміз әрқашан осындай жарқын істердің шыңынан табылып отырды. Күнтізбеге қызыл белгімен енетін бұл күннің еліміз үшін орны бөлек. Себебі, өзінің жеке әнұраны, мемлекеттік рәміздері бар тәуелсіз еліміздің уығын қадап, шаңырағын көтеріп, іргесін бекіткен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың халық алдында, мемлекет алдында еңбегі орасан зор екенін ешқайсымыз ұмытпағанымыз жөн» дейді генерал-майор.

Салтанатты іс шарада ҚР ішкі істер министрінің бұйрығымен 16 қызметкер, департамент бастығының бұйрығымен 22 қызметкер марапатталды.

IMG_0036

Сондай-ақ, бейбіт уақытта ерлік танытқан Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары, өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметкерлерінің шақырылуымен «Қазіргі заман қаһарманы» атты республикалық акцияға қатысқан Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының жол-патрульдік полиция полкінің взвод командирі, полиция капитаны Ж.Жарасовқа ҚР ІІМ-нің «Алғыс хаты» табысталды.

IMG_0068

Бұған қоса Қазақстанның Қорғаныс министрлігі мен «Қазақстан» мемлекеттік телерадиокорпорациясы ұйымдастырған «Әскери әндер» радиофестиваліне қатысып, лауреат атанған Мақтаарал аудандық ішкі істер басқармасының 1-полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Н.Сейтжанов марапатталды.

IMG_0083

IMG_0054

Салтанатты іс-шараның соңы облыстық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен мерекелік концертке ұласты.