Сарығаштың қос бірдей ауылына ауызсу жеткізілді

449
осыған дейін олар суды тасып ішіп келген

Сарыағаш ауданының қос бірдей ауылына ауызсу жеткізілді. Енді мыңға жуық тұрғын сапалы су іше алады. Дихан және 28-гвардияшылар елдімекеніндегі халық осыған дейін ащы сумен күнелтіп келген болатын.

осыған дейін олар суды тасып ішіп келген

Әрбір үйдің ауласындағы құбырдан сапалы су сарқырап тұр. Дихан аулының тұрғыны Несібелі Елшібеваның шаңырағы осыған дейін көрші ауылдан ат арылтып, су тасып ішіп келген. Тұрмыстық қажеттілікке ащы суды тұтынып келген көп балалы отбасының қуанышында шек жоқ.

Мембранды су тазалағыш қондырғысы үстіміздегі жылдың ақпан айында орнатылыпты. Елдімекендерге үздіксіз су тарату жүйесін сала мамандары осынау қондырғы арқылы алақандағыдай қадағалап отырады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=hAbz6-I2c0Q[/youtube]

«Бірлесу» ауылдық округіндегі су мәселесі біздің арна тілшілерінің назарына да іліккен еді. Енді құдықтан су тарту, ат әуре етіп, көршіден су тасу артта қалды. Жергілікті билік өкілдері су деңгейін зерттеп-зерделеу жұмыстары аяқталған соң ауылдық округке қарасты өзге де елдімекендерді таяу арада ауызсу жеткізіп беруге уәде етті.