Экспонатқа айналаған су құрылғысы

Сарыағаш ауданы Бозай елдімекенінде су алтыннан қымбат. Өйткені тұрғындар бір литр су үшін бір теңге төлеп, ең жақын деген жиырма шақырым жердегі елдімекеннен тасып ішеді. Ал тасып іше алмағандары ащы су ішуге мәжбүр.

Экспонатқа айналаған су құрылғысы
Экспонатқа айналаған су құрылғысы

Ауыл маңындағы ауқымды ыдысқа Бозай ауылы тұрғындарының көзі үйреніп қалған. Ол ашық аспан аясындағы экспонат іспетті. Тұрғындардың айтуынша 2012 жылы қойылған құрылғыны олар 6 ай-ақ пайдаланған. Су сүзгіші істен шыққалы одан тіршілік нәрін пайдалану мүмкін емес. Өйткені тым ащы.

Жайлау Қыдыров, ауыл тұрғыны: «Біз суды Жамбылдан тасып ішіп жатырмыз. 18-20 шақырым жерден. Сол жердің суы тәтті. Ондағы адамдардан сұрасақ, әр 15 күнде сүзгішін ауыстырып, тазалап тұрамыз дейді. Біз сол суды әуре болып барып, 1000 мың теңгеге көлік жалдап барып, 150 теңгеге 150 литр су сатып алып қайтамыз.»

Ауыз суды тасып ішуге екінің бірінің мүмкіндігі жоқ. Бозай ауылында 350 шаңырақ бар. Оның жүзден астамы көпбалалы отбасылар. Көбі сирек болса да ащы суды тұтынуға мәжбүр. Биліктегілер мәселе жақын арада шешіледі деген сөзін тілшілерге де қайталады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=IL7D9uwKbVg[/youtube]

Ражапәлі Бектұрғанов, Бозай ауылының әкімі: «Құрылыс қазіргі таңда жүргізілген. Вагон әкелінген. Ірге тасы орнатылды. Бұрынғы ескі Омега ақтамады.»

Ал төрт түлігін бағумен және егін шаруашылығымен күнелтіп отырған бозайлықтар бұл сөздерге сенуден қалған. «Уәдені ести-ести шыдамымыз таусылды, біздің мұңымызды Астанадағыларға жеткізбесек, шешілмейді» деп отыр.