Сарығаш ауданында қазір 500-ден аса бала жылуы жоқ мектепте білім алып отыр. Жаңақоныс ауылындағы жаңадан пайдалануға берілген №80 мектептің жылу жүйесі әжетке жарамайды. Жылу құбырларынан аққан су мұндағыларды әбден әбігерге салған. Ал ата-ана балалардың денсаулығына алаңдаулы.

006

Сынып іші сұп-суық. Балалар да, мұғалім де сабақта сырт киіммен отыр. Бастауыш сынып оқушысы Әсем суықтап, бірер күн сабақтан қалып қойғанын айтады. Суық бөлмеде қаршадай қыздың қолы икемге келмей, жазу-сызуы да қиындап кеткен.

[youtube]http://youtu.be/wFmBW30XXwg[/youtube]

Биыл ғана пайдалануға берілген жылу жүйесі іске қосылмай жатып сыр бере бере бастаған. Жылу жүйелерін жөндеуге келген мамандар құбырлардан атқылаған суды далаға тасып әлек. Бір бөлмелер қам жылы, енді бірі – суық. Мұғалімдер бөлмесі де қақап тұр. Суық тигізген мамандардың кейбірі бетпердемен жүр.

[youtube]http://youtu.be/z80Pfil6aHE[/youtube]

Биыл ғана ғимараттың едені жаңартылып, жылу жүйесі де ауыстырылыпты. Бұл мақсатқа 70 миллион теңгеден астам қаражат та бөлінген. Жылу жүйесі тамыздың ортасында толықтай бітіп, қолданысқа берілуі тиіс еді. Бірақ қазанға дейін жүрсе де құрылысшылар жылуға жарытпай отыр. Ал балалардың денсаулығына алаңдаулы ата-ана қыстың көзі қырауда қайтер екенбіз деп амалы құрып отыр.

Осы мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің мамандары тексеру жұмысын қолға алып, арнайы топ құрғандарын айтады.

[youtube]http://youtu.be/SAq_Nczj9Tk[/youtube]