семинарда кәсіпті дөңгелетудің қыр-сыры талқыланды

Шалғайдағы кәсіпкерлер мемлекеттік қолдаулардан шет қалмауы тиіс. «Шымкент-инновация» ЖШС мамандары бұл жолы Бәйдібек ауданына ат басын бұрды. Жергілікті іскер азаматтардың инновациялық білімін арттырып, ел дамуына үлес қосатын игі бастамаларға жол ашу мақсатында арнайы семинар ұйымдастырылды.

семинарда кәсіпті дөңгелетудің қыр-сыры талқыланды
Семинарда кәсіпті дөңгелетудің қыр-сыры талқыланды

Бизнеске бет бұрған тұлғалар кәсіпкерлерге тиесілі түрлі мемлекеттік көмектермен танысты. Инновациялық жаңалықтарымен бөліскен бастамашыл топ кәсіпкерлікті дамыту жолдарын үйретті.

Айта кетейік, бүгінге дейін Бәйдібекте 2 жарым мыңға жуық шағын кәсіпкерлік нысаны тіркелген. Олардың 1 жарым мыңнан астамы – шаруа қожалықтары. Соған қарамастан ауданда ауыл шаруашылығы саласы ақсап тұр. Ауа райының қолайсыздығынан егістіктің әр гектарынан орта есеппен 6 центнер өнім алынған. Кей жерлерде бұл көрсеткіш, тіпті, 4 центнерге де жетпейді.

Сондай-ақ, ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мәселесі әлі күнге шешімін таппай отыр. Ал тыңнан түрен салып, шаруалардың пайдасын еселей түсетін иновациялық жобаларға ден қоятын іскер азаматтарға мемлекет тарапынан қолдау зор.