Мерей Жандар - жеңімпаз

Биыл орыс әдебиетінің классигі Михаил Юрьевич Лермонтовтың туғанына – 200 жыл. Осыған орай ақынның шығармашылығын терең танып, насихаттау мақсатында ұйымдастырылған сайыс өтті. Алдымен қала мектептерінде өткен Лермонтов оқулары қорытындыланып, жеңімпаздар анықталды.

Балалар және жасөспірімдер орталығында өткен Лермонтов оқуларының сайысына кілең мықтылар келген. Сөздің майын тамызып, Лермонтовтың өлеңдерін мәнерлеп оқудан жан салмайтын оқушылар бірнеше сынақтан өтіп, бүгін үздік болу үшін барын салды. Жиырмаға жуық үміткер орыс классигінің өлеңдерін жатқа айтты.

Мерей Жандар - жеңімпаз
Мерей Жандар – жеңімпаз

Ирина Кузнецов, орыс тілі пәнінің мұғалімі: » Лермонтовтың шығармашылығы оқушыларға жақсы таныс. Мұны қатысушылар жарыс кезінде көрсете білді. Олар ақынның өлеңдерін тамаша оқып берді. Михаил Юрьевич Лермонтов 14 жасынан бастап өлең жаза бастаған. Сондықтан оның әрбір дүниесі оқырмандарға жақын әрі жеткіншектердің ойындағысын дөп басқан.»

Қазылардың сынынан сүрінбей өткен 5-сыныптың оқушысы Жандар Мерей бірінші орынды жеңіп алды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=bHDsKHf7jgU[/youtube]

Жандар Мерей, 1-орын иегері: «Мен Лермонтов оқуларының жарысы өтеді дегенді естіп, бірден қатысамын деп шештім. Өйткені ақынның шығармаларын, өлеңдерін оқығанды өте жақсы көремін. Бүгін «Жауыннан кейінгі кеш» атты өлеңін мәнерлеп оқып, бірінші орынды жеңіп алдым. Менің ойымша барлық оқушылар қазақтың, орыстың, тіпті шетел ақындарының да өмірімен, шығармаларымен таныс болу керек.»

Алғаш рет өткен Лермонтов оқуларын қатысушылар енді асыға күтеді. Биылғы дайындықтары мықты. Мұны әділқазылар да растап отыр. Барлық қатысушы дипломмен марапатталды.