Созақта әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар жоқ. Ал жұмыссыздық деңгейі 1,3 пайызға төмендепті. Созақ ауданының әкімі Аманғали Аймырзаевтың осы мәліметі алғашында күмән тудырғаны рас. Себебі, өңіріміздің өзге аудандарында жұмыссыздық көрсеткіші 3-5 пайыздан төмен емес. Алайда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева теріскейде, расында да, жұмыссыздар некен-саяқ деп отыр.

vlcsnap-2014-11-18-18h20m18s0

Сондай-ақ, созақтықтар 9 айда 6 миллиард теңгеден астам ауыл шарушылығы өнімін өндірген. Нақ осы уақыт аралығында құрылысқа 9 миллиард 522 миллион теңге жұмсалыпты. Бүгінде Созақ – облыстық қазынадан субсидия алмайтын бірден-бір аудан.

Аманғали Аймырзаев, Созақ ауданының әкімі: «Облыс бойынша өнеркәсіп саласында өндірілген жалпы өнім бойынша ауданның үлес салмағы 30 пайыздан астам. Бұл – Шымкент қаласынан кейінгі жалпы тауар өнімі бойынша екінші көрсеткіш.»

vlcsnap-2014-11-18-18h23m39s86

Сондай-ақ, жыл басынан бері теріскейге 25 миллиард теңге инвестиция тартылған. Аудан алдағы 2 айда тағы 20 миллиард инвестиция тартуды көздеп отыр. Индустриялды аймақ мәселесі теріскейде түбегейлі шешімін тапқан. Қазірде екі шағын зауыт «Қазатомпромға» арнайы өнімдер шығаруда екен. Соңғы үш жылда Созақта бірде-бір ана өлімі де тіркелмеген. Ал балаларды бөбекжаймен қамту 75 пайызға жетіпті.