Спандияр Бекжігітов
Гүлмира Әлімбаева
Гүлмира Әлімбаева

Қоңырау арқылы өрбіген қоғамдық қабылдау. «Нұр Отан» партиясының өкілдері халықпен тікелей байланысты. Бұл жолы денсаулық сақтау саласындағы көкейтесті сауалдардың жауабын облыстық мәслихаттың депутаты, облыстық кардиологиялық орталықтың бас дәрігері Спандияр Бекжігітов тыңдады.

Науқастардың уақытында ем қабылдауына арнайы портал кедергісін келтіреді. Бұл – шымкенттік тұрғын Гүлмира Әлімбаеваның пікірі. Азаматша денсаулық сақтау саласында қызмет ететіндіктен, қағазбастылықтың соңы қандай жағдайға жеткізетінін жақсы білемін деп отыр.

Гүлмира Әлімбаева, Шымкент қаласының тұрғыны: «Мен бұл электронды жүйені алып тастауды ұсынамын. Себебі кезекке тұрасың, сосын оны күтесің, бұл уақыт аралығында денсаулығымыз одан сайын мүшкіл бола түседі. Уақыт жоғалтудың түрі. Менің туысқандарымен мен көршілерім де бұл жүйені жою керек дегенді айтып отыр».

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Wv61NxSYVI0[/youtube]

Бұл жолы халықтан түскен қоңырауды облыс мәслихатының депутаты, кардиологиялық орталықтың бас дәрігері Спандияр Бекжігітов қабылдады.

Спандияр Бекжігітов
Спандияр Бекжігітов

Оған облысымыздың әр аумағынан соғылған қоңыраулар көп болды. Сауалдардың көбі қайда және қалай тегін ем қабылдау мүмкіндіктері және конго-қырым қанды безгегінің жұғуы жолдары мен одан сақтану төңірегін қамтыды. Және өзге қалалардың студент жастары Оңтүстікте қызмет етуге құлық танытты. Жұмыс сұрап қоңырау шалғандардың қарасы қалың.

Спандияр Бекжігітов, облыстық мәслихаттың депутаты: «Қоғамдық қабылдаудың жамағатқа пайдасы мол. Көптеген мәселелерді ешқайда сабылмай-ақ, сауал қойып, шешімін табады. Біз бұл сұрақтарға тек жауап беріп қана қоймаймыз мұнда, ол проблемалардың соңын да қадағалаймыз. Біз үшін әрбір тұрғынның өмірі маңызды».

«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауы барысында ондаған адам жеке мәселесін айтып, хабарласты. Мамандар олардың әрқайсысына мардымды жауап беруге тырысып бақты.