Түлкібаста екі жаңа көпір пайдалануға берілді

687

Түлкібас ауданында екі жаңа көпір ашылып, ел игілігі үшін пайдалануға берілді. Соның бірі — Керейт ауылындағы ұзындығы — 105 метр, ені 12 метр болатын көпір. Құрылысын мердігер «ЖБИ-С» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген бұл көпірге облыстық бюджеттен 233 миллион теңге бөлінді.

001

Мердігер мекеме көпірді бес айда салып, бүгінгі күні пайдалануға беріп отыр. Сонымен қатар Тұрар Рысқұлов ауылында ұзындығы 27 метр болатын жаңа көпір қолданысқа берілді. Бұл көпірді «Мико-ойл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салған. Құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен 63 миллион теңге бөлініп, толығымен игерілді. Көпірдің ашылу салтанатына аудан әкімі Қ.Абдуалиев, облыстық мәслихаттың депутаты К.Жартыбаев қатысып, тұрғындардың қуанышымен бөлісті.

Дереккөз: ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі