Халықарлық форум аясында 17 меморандумға қол қойылды

267

Шымкентте халықаралық форум өтті. «Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы жаңа инвестициялық мүмкіндіктер» тақырыбын қамтыған маңызды басқосу еліміздің инвестициялық және іскерлік климатын жақсарту мақсатында шетелдік инвесторлар, жергілікті бизнес және мемлекеттік органдар арасында диалог құруға бағытталды. Елімізде жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөнінде 17 меморандумға қол қойылды.

Форумға Қазақстанның және әлемнің көптеген қаржы институттары мен даму институттарының басшылары, 500-ден аса кәсіпкер қатысты. Оның ішінде 300-ге жуық шетелдік бизнесмен, Ресей, АҚШ, Германия, Италия, Польша, Түркия, БАӘ, Қытай, Оңтүстік Корея, Малайзия, жалпы алғанда, барлығы 15-тен астам жақын және алыс шетелден сарапшылар шақырылған.

Алдымен жүзеге асырылатын жаңа жобалар көрмесі ұйымдастырылды. Мұнда үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының екінші бес жылдығында жүзеге асырылатын 40 жаңа инвестициялық жоба таныстырылды. Бұл — машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика, тамақ өнеркәсібі, құрылыс индустриясы және туризм салаларында тың жобалар.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=qbiG1HFEkd0[/youtube]

Басқосу Ресейде шығатын «Эксперт» журналының бас редакторы Александр Ивантердің модераторлығымен өтті. Іскерлік кездесу қатаң жұмыс тәртібін бекітіп алды. Содан кейін мінберге облыс әкімі Асқар Мырзахметов шығып, күнгейдің инвестициялық климатын таныстырды. Өңір басшысы соңғы бес жылда үдемелі индустрияның даму сатысын сөз етті.

Сондай-ақ, инвесторларға жасалатын жеңілдіктер жайлы ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау сөз етті. Әлеуеті жоғары инвесторлардың қызығушылығын арттыратындай Оңтүстікте тың жобалар көп деді ол. Кезедесу соңында жалпы сомасы 157 млрд. теңгені құрайтын 17 меморандумға қол қойылды.

Нәтижесінде Қазақстан-Польша экономикалық ынтымақтастық кеңесі арасында Оңтүстікте агро-кластер құрылатын болды. Оңтүстіккореялық компания мен отандық «Жилстрой индустрия» компаниясы бірігіп, брендті трактор шығарады. Жапондық компанияның қолдауымен медициналық автокөліктерді жабдықтайтын зауыт құрылады. Ал түркиялық кәсіпкерлер тоқыма кластерінің дамуына үлес қосады.

Инвестиция тартуда Қазақ­стан­ның ТМД елдері арасында­ бірінші орында тұрғанын айта кету керек. Инвесторлар қы­зы­ғу­шылығын оятқан — өңірдің жайлы климаты. Мұнда ауыл шаруашылығын дамыту, металлургия саласын кеңейту, химия өнеркәсібін өндіру қолайлы. Мұны бүгінгі халықаралық форумға жиналған инвесторлар мойындайды.