Дүниежүзілік Көшпенділер ойынының жеңімпаздары марапатталды

49
фото ТАӘБҚ

Төлеби ауданында биыл төртінші рет ұйымдастырылып отырған “Көшпенділер ойыны” Бірінші Мамыр ауылында орналасқан Төлеби спорт клубында өтуде. Садақ ату, қазақ күресі, аударыспақ, көкпар жекпе-жегі, мас-рестлинг, алыптар сайысы және арқан тартысы ойындарынан жастар өзара сайысқа түсуде.

Ұлттық ойынды насихаттауға арналған іс-шарада аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров қатысушыларға сәттілік тілеп, ізгі тілектерін жеткізді.
Көшпенді халықтың құндылығы, мұрасы мен дәстүрі ұлттық ойындар арқылы көрініс тапса, сайыстың мұраты ұлттық ойындар арқылы жастарды белсенділікке, тапқырлыққа, дәлдікке, көрегенділікке және күштілікке тәрбиелеу болып табылады.
Бүгін, аудан аумағында ұйымдастырылып отырған сайысқа Астана қаласында 2024 жылдың 8-14 қыркүйегі аралығында өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары арнайы келді.
Абыройымыз аспандаған дүбірлі додада елдің еңсесін көтеріп, көк туымызды көкте желбіретіп, жастар арасында ұлттық спорт ойындарын дәріптеуге үлес қосқан жастарға аудан әкімінің «Алғыс хаты», аудандық мәслихаттың «Құрмет Грамотасы» табыс етілді.