Жүргізушілердің жарысынан жолаушы мерт болды

656

Бір жолаушы үшін таласатын автобус жүргізушілерінің бұл жолғы «эстафестасы» қайғылы оқиғамен аяқталды. Аялдамада бір қыз тіл тартпай қайтыс болса, екіншісі ауыр халде ауруханаға түскен.

Ауыр жол-көлік оқиғасы сенбі күні орын алған. Таңғы сағат сегіз шамасында жұмысқа шыққан жолаушылар «Жоғарғы Отырар» аялдамасындағы сұмдық оқиғаның куәгері атынады. Олардың айтуынша, аялдамада тұрған № 84 бағыттағы жолаушылар автобусына №19 қоғамдық көлік соғылған. Алайда оқиға мұнымен аяқталмаған. № 19 автобусқа тағы бір автобус соқтығысқан. Соққының қатты болғаны соншалық, бірінші автобус 15 метрге ұшып кеткен. Ал № 19 автобус бір-екі метрге ұшып кетіп, аялдамада тұрған адамдарды жаныштап тастады. Соның салдарынан бір қыз оқиға орнында қаза тапты. Тағы біреуі ауруханаға ауыр халде жеткізілген.

Ауруханада жатқан қыз – 29 жастағы Қарлығаш сол күні әдеттегідей жұмысқа шығады. Күнделікті мінетін №19 бағыттағы автобусын күтіп тұрғанда бір-бірімен жарыса келген қоғамдық көліктер өмірін қия жаздайды.

Қарлығаш Құлтаева: «50 теңге үшін өлді ма? Не болды сонша жарысып? Үнемі осындай, біздің жүргізушілерді бақылап отырған ешкім жоқ. Олар адам тасымалдап жүргенін ұмытып кетеді. Аялдамаға бардым. № 84 бағыттағы автобусқа адамдар мініп жатқан. Мен №19 автобусты күтіп тұрғанмын. Көрдім, «Евразияның» бағдаршамына тоқтамай қатты келе жатқан. Бір кезде тарс ете қалды. Мен артқа екі аттап үлгердім. Сөйтіп, арыққа түсіп кеттім. Үстіме автобус құлады. Адамдар шулап жатты. Анау қыз мыжылып қалды. Мен «Шығарыңдар» деп айқайладым. Сол кезде сездім аяқтарым істемей қалды.»

Жүргізушілердің жауапсыздығанан зардап шеккен Қарлығаштың кеуде омыртқасы үшінші дәрежеде сынған. Енді оған ота жасалады. Дәрігерлердің айтуынша, оның жарақаты ауыр, жұлынға зақым келіпті.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=6uv-SaV5gCI[/youtube]

Самат Оспанов, емдеуші дәрігер: «Операцияға дайындап жатырмыз. Жағдайы бірқалыпты болғанымен, ауырсыну бар. Отадан кейін аяғын басады ма, жоқ па, оны уақыт көрсетеді».

Ал жолда жарысамын деп жас қыздың өмірін қиған автобус жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғалыпты. Жол апатына ұшыраған көліктердің барлығы айыппұл тұрағына жеткізілген.

Дауыл Панзабеков, ОҚО ІІД анықтау басқармасы басшысының орынбасары: «Mercedes-Benz» маркалы автобусты тізгіндеген 29 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ҚК 296-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол 3 жылға дейінгі мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырыла отырып 5 жыл мерзімге дейін сотталуы мүмкін».

Облыстық жолаушы тасылмалдаушылар қауымдастығының төрағасы жүргізушілердің тәртіпсіздігі жерге қаратты дейді. Тәртіп орнамай, қауіпсіздік туралы айту дұрыс еместігін алға тартуда. Мұндай келеңсіздіктердің алдын алу үшін жүргізушімен қатар жолаушының да мәдениетін көтеру керек деп санайды.

Дархан Каюпов, ОҚО бойынша жолаушы тасымалдаушылар қауымдастығының төрағасы: «Адам өлімі бар жерде ешқандай ақталу болмайды. Ия, бқл қайғылы жағдайға біздің жүргізушілер кінңлі».

Оқыс оқиғадан кейін барлық көлік компанияларының басшылары жиналып, шұғыл жиын өткізген. Олар қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін арнайы бағдарлама құрып, жұмыс істеуге бел байламақ.