Соңғы кездері мектеп оқушыларының арасында өзіне-өзі қол салу фактісі көбейгені белгілі. Бұл қоғамды алаңдатып отырған мәселеге айналғалы да біраз болды. Өрімдей жастардың өз өмірлерін өздері қиюы әсіресе ата-аналардың алаңдаушылығын тудырып отыр. Қазір облыс бойынша оқушының өмірге деген құштарлығын арттырып, өзіне-өзі қол жұмсау деректерін азайту мақсатында түрлі шаралар қолға алынған. Соның бірі – психологиялық тест. Мамандардың айтуынша, тест баланың жан күйзелісін анықтауға, суициалды әрекеттердің алдын алуға көмектеседі. Ендеше, балаңыздың жан дүниесін білгіңіз келсе, төмендегі сұрақтарға қалай жауап беретінін тексеріп көріңіз. 

44-003

Ескерту: Ұсынылған ұйғарыммен келіссе – (+), келіспесе – (-) белгісін қою керек. Ал, егер белгілегісі келмесе немесе белгілей алмаса ұйғарым нөмірін дөңгелектеп қойғаны абзал.

1. Мен жұмыс істегенде көңілімді басқа нәрсеге тез аударамын, қиялшыл және ұмытшақ болып кетемін.

2. Айналамдағы адамдарға қарағанда тез шаршаймын.

3. Кей кездері мақтанамын.

4. Көбіне көңіл-күйім көтеріңкі болып жүреді.

5. Мені көңілсіз ойлар жиі мазалайды.

6. Адамдармен қарым-қатынаста болғанды ұнатамын.

7. Мен аяғымның және қолымның мұздайтынын немесе жансызданып қалғанын жиі сеземін.

8. Ренжігенім туралы ұмытып кетемін.

9. Кейбір кездері самайымның дүңкілдегенін және мойынымның аясындағы тамыр соғысын сезінемін.

10. Көңілді ортада көңіл көтергенді ұнатамын.

11. Отбасымда жүйкесі тозған адамдар бар.

12. Кей кездері өзім нашар білетін тақырыпта сенімді сөйлеуім мүмкін.

13. Кей уақытта өзімді қорғансыз сезінемін.

14. Менің көп жақсы достарым бар.

15. Басым жиі ауырады.

16. Әрқашанда тез қозғаламын және белсендімін.

17. Егер отырған кезде тез тұра қалсам, көзім қарауытады және басым айналады.

18. Кей кездері қиындықтардан қашу үшін ауруымды сылтауратамын.

19. Кей кездері тыйым салынған тақырыптарға қызығушылық танытамын.

20. Менде жаман көңіл-күй жиі болып тұрады.

21. Достарым менің жұмыскерлігіме және шаршамайтыныма таң қалады.

22. Сезімтал және тез қозатын адаммын.

23. Өмірдегі барлық мәселелерді шешуге болады.

24. Менде қалтырау ұстамалары болады.

25. Көңілді анекдоттарды және көңілді әңгімелерді айтқанды ұнатамын.

26. Уақыт өте келе үйден мүлдем кетіп қалғым келеді.

27. Түкке тұрғысыз нәрселерге бола жиі қобалжимын.

28. Өзімді ақтау үшін кей кездері өтірік айтамын.

29. Кей кездері мені аяқ астынан тер басып кетеді.

30. Өз уәдемді орындамайтын кездер болады.

31. Кей кезде мен өзімді ештеңеге жарамсыз сезінемін.

32. Кейбір таныстарым ұнамайды.

33. Менің жиі тәбетім болмайды.

34. Ең көңілсіз ортаның көңілін көтеру қолымнан келеді.

35. Мені отбасы мүшелерімнің кейбір әдеттері ашуландырады.

36. Бейтаныс адамдармен де сөйлесетін тақырып табамын.

37. Мені үнемі бір күш басып тұратын сияқты сезінемін және мен босаңси алмаймын.

38. Менің жиі өлгім келеді.

39. Мені басқалар көңілді және тез тіл табысқыш адам деп ойлайды.

40. Барлығын жүрегіме жақын қабылдаймын.

41. Менің кеуде тұсымда және ішімде жағымсыз сезімдер пайда болады.

42. Мен таныс адамдармен және бейтаныс адамдармен сөйлесе кетуге дайынмын.

43. Егер бірдеңеге қатты ашуланып немесе толғанып тұрсам, оны мен барлық тәніммен сезінемін.

44. Көп армандаймын, бірақ бұл жайлы ешкімге айтпаймын.

45. Кей кездері өте белсендімін, ал кей уақытта белсенділігім тым төмен.

46. Әркез шындықты айта бермеймін.

47. Бәстескенде мен нені болса да істеуге дайынмын.

48. Менің қатты уайымдайтыным соншалық, ол менің миымнан көпке дейін кетпей жүреді.

49. Өзімді жиі шаршаңқы және әлсіз сезінемін.

50. Басқалардың үстінен қалжыңдағанды ұнатамын.

51. Басқалардың сыны мен ескертулері жаныма батады.

52. Түсіме қорқынышты түстер жиі кіреді.

53. Өз сезімдеріме бостандық беруге және жақсы ортада көңіл көтеруге бармын.

54. Кей кездері еш себепсіз өзімді әлсіз сезінемін.

55. Жиі ұйқым қашады.

56. Кей кездері өсек айтамын.

57. Мен барлығына жеңіл қараймын.

58. Егер сәтсіздіктер өкшемнен басып жүрмесе жақсырақ өмір сүрер едім деп күн сайын ойлаймын.

59. Мен – өз өзіме сенімді адаммын.

60. Кінәлілік сезімі жиі мазалайды.

61. Тез жүремін.

62. Сәттілікке деген үмітім оңай үзілетін жағдайларға жиі тап боламын.

63. Басыма неше түрлі ойлар кіре беретіндіктен, менің ұйқым қашады.

64. Басқалар менің сыртымнан күлетін сияқты болып көрінеді.

65. Мен – уайымым жоқ адаммын.

66. Кей кездері ойыма кісіні ұялтатын ойлар келеді.

67. Жүрек қағысым жиілеп кететін жағдайлар жиі болады.

68. Кейде адамдардың арасында да өзімді жалғыз сезінемін.

69. Кей кездері мен көп сөйлеймін және маған өзімді тоқтату қиын.

70. Мені түсінетін, сергітетін, жұбататын достарды үнемі қажет етіп тұрамын.

71. Кей кездері өз күшіме сенбегендіктен бастаған ісімнен бас тартамын.

72. Олар басқа адамдарға солай әсер етпесе де, мені жарық шам, жарқын түстер қатты ашуландыратын кезеңдер болып тұрады.

73. Менің жаман әдеттерім бар.

 

Енді, төмендегі кестені пайдалана отырып, (+) белгісі бар жауаптарыңның нөмірін шкаладан тауып алу қажет.

Шкалалар бойынша ұпайларды санайтын кілті: 

«И» шкаласы. Жауаптар «қосу»: 4, 13, 20, 29, 31, 33, 47, 57, 67.

«Д» шкаласы. Жауаптар «қосу»: 2, 6, 12, 14, 19, 21, 27, 28, 32, 36, 39, 41, 45, 49, 52, 55, 59, 63, 65, 69, 72.

«Н» шкаласы. Жауаптар «қосу»: 3, 8, 10, 16, 18, 23, 25, 30, 34, 38, 42, 44, 46, 50, 53, 56, 61, 64, 68, 71, 73.

«О» шкаласы. Жауаптар «қосу»: 5, 7, 9, 11, 15, 17, 22, 24, 26, 35, 37, 40, 43, 48, 51, 54, 58, 60, 62, 66, 70.

 

Енді, барлық шкалаларды өзінің аттас жұбымен қосып шығыңыз. Нәтижелерін төмендегі кестеден қараңыз.

«И» шкаласы – шынайылық шкаласы

Яғни, нәтижелердің дұрыстығын анықтайды. 

8-10 ұпай жауаптар шынайылығының жоғарғы деңгейін білдіреді;

4-7 ұпай – орташа деңгей;

0-3 ұпай жауаптардың шынайылығының төмен деңгейін білдіреді.

«Д» шкаласы – күйзелістік шкаласы

Күйзелістік жағдайға бейімділік деңгейін анықтайды.

17-21 ұпай – эмоцияналдық жағдайы, өзіне деген көзқарасы, мінез – құлқының бір қалыпты екенін білдіреді;

8-16 орта деңгей,

1-7 ұпай – күйзелістіктің төмен деңгейі.

«Н» шкаласы – невротизациялықтың шкаласы

Невротизациялықтың деңгейін анықтайды.

17-21 ұпай – эмоциялық тұрақсыздық, мазасыздық, невротикалық белгі бар.

«О» шкала – тез тіл табысып кетушіліктің шкаласы.

Тез тіл табысып кетушіліктің деңгейін анықтайды.

17-21 ұпай – тез тіл табысып кетушіліктің жоғарғы деңгейі;

8-16 ұпай – орташа деңгей;

1-7 ұпай – төменгі деңгей.

Тез тіл табысып кетушіліктің төмен деңгейі невротизацияның және күйзелістіктің жоғарғы көрсеткіштерімен бірігуі зерттелушінің «пассивті түрде өлімге келісім беруіне» дәрежесіне дейін апаратын қауіпті суициалды нұсқаны білдіреді.

Айжан ЕРМЕКҚЫЗЫ

«Оңтүстік Рабат», №44, 29.10.2014