Шымкентте қоғамдық көлікке қатысты тағы бір жол-көлік оқиғасы тіркелді. Келеңсіз жағдай бірнеше сағат бұрын Бәйдібек би даңғылының бойында орын алған.

004

Мұнда қалааралық бағыттағы «Сетра» автобусы мен «ВАЗ 21015» автокөлігі соғысып қалды. Полиция қызметкерлерінің анықтағанындай, жеңіл автокөлік жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, ішінде 25 жолаушысы бар автобуспен соғысқан.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=xWIrSBVY9dQ[/youtube]

003

Облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі «ВАЗ 21015» көлігінің ішінде 5 адам болған деп хабарлайды. Олардың барлығы түрлі дәрежедегі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Бұған қоса автобустың ішіндегі жолаушылардың біразы жарақат алған.

002

001