Зияткерлік мектептің оқушылары сарбаздарды құттықтады

898

Шымкентте осыдан 52 жыл бұрын, 6-қарашада 6506 әскери бөлімі құрылған. Осыған орай қаладағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бір топ оқушысы әскери бөлімде қонақта болды.

Оқушылар құр қол келген жоқ. қаладағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін сарбаздарға айтулы күнге орай концерттік бағдарлама ұйымдастырып берді. Бейбіт күннің арқасында білім алып жатқан оқушылар өздерінің тек зияткерлік қабілетін дамытып қана емес, шығармашылығын да шыңдап жүргенін көрсетті.

008

003

005

Білім ұясының жанындағы Ғалия Ахметшина жетекшілік ететін «Гүлдер» би ансамблінің қыздары мың бұралып би билесе, Әлден Жақсыбеков баптаған өзге оқушылар патриоттық әндерімен сарбаз ағаларының рухын көтеріп тастады.

006

009

004

001

Физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылар жауынгерлерге арналған сыйлықтарын тарту етті. «Шәкірттердің қолымен жасалған бұйымдар әскери бөлімнің мұражайынан лайықты орнын алатын болады» дейді балалардан сыйлық күтпеген бөлімше командирі Марлен Аппазов.

002

Сыйға сый ретінде сарбаздар да мектеп оқушыларын арнайы алғыс хаттармен марапаттады. Осылайша, 52-ші рет өзінің құрылған күнін қарапайым атап өтпек болған әскери бөлімнің туған күні кәдімгі мерекеге айналды.

Бұл шараның басты көздегені — тек сарбаздардың мейрамын көріктендіру ғана емес. Халқымыздың батыры Бауыржан Момышұлы «Өткен ерлікті білмей, көрмей болашақ ұрпаққа батырлықты насихаттау — бос әурешілік» деген. Сондықтан, зияткерлік мектеп шәкірттерінің тек ақыл-ойын ғана емес, ерлік рухын да өсіре білу маңызды. Қаһармандық тарихы бар 6506 әскери бөлімінде болған оқушылар Отанды сүюді сарбаз ағаларынан үйреніп келеді.

Шымкент қ. ФМБ НЗМ баспасөз қызметі