Жаңа жылдан бастап қайыршылар да әкімшілік жазаға тартылатын болады. Айта кету керек, Оңтүстікте көрші елден келген қайыршылар өте көп. Олардың арасында өзіміздің қаракөздер де бар.

003

Алақан жайғандар адам аяғы көп жиналатын аумақта көптеп кездеседі. Әсіресе, базар мен мешіт маңында. Сонымен, жаңа жылдан бастап баласын арқалаған қайыршылар айыппұл төлейді. Көше кезген тілемістер бұл өзгерістен хабарсыз. Айыппұл төлемек түгілі, күнделікті нанымызды зорға тауып жүрміз дейді олар. Дегенмен, жаңа нормаларға байланысты қабылданатын құжат күшіне енгенен кейін шетелден келген қайыршылар бес күн қамауға алынып, соңынан елден қуылады.