Шымкентте бойжеткен қызды тонағанымен қоймай, зорлап кеткен екі жігіт сотталды. Бұл оқиға 2014 жылдың 25-шілдесі күні болған.
Таңғы сағат 04:30 шамасында екі жігіт осыған дейін өздерімен бірге «Ерназ» кафесінде отырған қызды Жангелдин көшесіндегі № 1 «Б» үйдің пәтеріне алып кіреді. Сол жерде бойжеткенді ұрып-соғып, құны 30 мың теңгелік алтын бұйымдарын, бағасы 50 мың теңгелік «Радо» маркалы қол сағаты мен 5 мың теңгелік «Нокия» телефонын сим-картасымен бірге тартып алады. Мұнымен қоймай екі жігіт қызды сол жерде зорлаған.
Осы факті бойынша Шымкенттегі Әл Фараби аудандық прокуратурасының қатысуымен қылмыстық іс қозғалып, сот жүрді. Оның соңында айыпталушылар Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 178-бабының 2-бөлігі, «а,в» тармақтарымен кінәлі деп танылды.
Соттың үкімімен қыз зорлағандар 8 жылға түрмеге жабу жазасына кесіліп отыр. Енді олар жазасын қатаң режимдегі түрмеде өтейді.