«Қош келдің, жаңа жыл!» Шымкеттегі Әл Фараби ауданының әкімдігі осындай тақырыпта жаңа жылдық шырша мерекесін өткізді. Кеште жетім және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардың балаларына сыйлықтар үлестірілді.

001

Сый-тарту демеушілердің көмегімен жасалыпты. Ал кеш қонақтарына Аяз ата мен Қарша қыздың қатысуымен арнайы концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды.

Айта кетейік, бүгінде бір ғана Әл Фараби ауданында мыңнан астам әлеуметтік жағдайы төмен отбасы бар. Ал жетім балалардың саны 2000-ға жеткен.