Құтқарушылардың жаңа техникасы бар

510

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті алты бірдей жаңа көлік алды. Бұл мақсатқа ел қазынасынан 400 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Жаңа техника, әсіресе, биік ғимараттардағы өрт сөндіруде таптырмайды дейді мамандар.

008

Төтенше жағдай мамандарында тап осындай техника бұрын-соңды болмаған. Бірнеше құралдың қызметін атқаратын әмбебап көліктер биік ғимараттардағы өртті де тез ауыздықтайды.

Бұл техниканың бағасы — 402 миллион 230 мың теңге. Ал арнайы баспалдағы бар тағы бір автокөлік жалынның бетін қайтарып, жоғары қабаттағы адамдарды қауіпсіз жерге тасымалдайды. Бұған дейін мамандар биік ғиамараттардағы өртті сөндіруге қос бірдей көлікті пайдаланып келген. Ал секундына 200 литр су шашатын мына техника тек ірі өрт кезінде ғана қолданылады. Бұл көліктердің ерекшелігі сол — тар көшелерден оңай жол табады. Мамандар бұл құралдар қайғылы оқиғалардан келетін шығынды азайтады дейді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=sSzxOeASv2I[/youtube]

Жаңа техникаларға ерекше күтім қажет. Себебі, оларды жөндеудің шығыны шаш-етектен. Дегенмен, мамандар мұны да ойластырып қойдық дейді.

Осылайша жергілікті өрт сөндіру қызметіндегі автокөлік саны 197-ге жетті. Жуық арада техника саны тағы да артпақ. Арнайы қызмет мамандары автотұрақты «Газель» көліктерімен толықтырамыз деп отыр.