Қала әкімдігі: «Білім ошақтарында мерекелік сыйлықтарға ақша жиналмауы тиіс!»

223

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында ешқандай білім ошақтарында сыйлықтарға ақша жиналмауы тиіс. Егер бұл талап сақталмайтын болса, жауапты адамдар жұмыстарынан босатылмақ.

001

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бахадүр Нарымбетов шаһардағы мектеп және балабақша басшыларының қатысуымен өткен жиында мәлім етті. Оның айтуынша, жаңа жыл мерекесіне орай ақша жинау мәселесі бойынша біршама арыздар түскен. Дегенмен, арыздардың көбісінің иесі көрсетілмегендіктен, мұндай заңсыз тірліктерге кімнің барғаны жөнінде айтылмады.

Бірақ, солай екен деп, біз жылы жауып қоя салмаймыз дейді Бахадүр Нарымбетов. Қазір арыз жазылған білім мекемелерінің басшыларына ескерту жасалған.

[youtube]http://youtu.be/Rr3_894WWgo[/youtube]