Қазақ-ауған кәсіпкерлері кездесті

362

Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан-Ауғанстан бизнес форумын өткізді. Мұндағы мақсат — екі ел арасындағы ара-қатынасты нығайту әрі шетелдік инвесторларды тарту.

001

Сондай-ақ отандық өндірушілер Ауғанстан нарығына біздің ұн, бидай, макарон өнімдерімізді, сусын, жеміс-жидек және құрылыс материалдарымызды өткізуді көздеп отыр. Форумға облыстық және ауғанстандық кәсіпкерлер қатысты. Шетелдік делегацияны Ауғанстанның Балх аймағының сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Насир Касими бастап келген.