Қираған үйдің тұрғындары көмексіз қалмайды

176

Шымкентте газ бен ауа қосындысының жарылуы кесірінен қираған үйдің тұрғындары көмексіз қалмайды. Бұл туралы қала әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді.

002

Жарылыстың себеп-салдарын анықтау екі күнге созылады. Осы оқиғаға байланысты бір топ мамандар облыстық әкімдікке жиналды. Қала әкімінің орынбасары Бейсен Жанбосынов зардап шеккендерге міндетті түрде көмек көрсетілетінін айтты. Төтенше жағдай қызметкерлерінің болжамы бойынша үйдегі газ жүйесінен ақау шыққан секілді. Қазір 8 отбасының үшеуі туыстарының үйінде, ал 5 отбасы мүшелері жатақханаға орналастырылған.