Жыл сайын 6-желтоқсан күні Қазақстанның прокурорлары өздерінің төл мерекелері – Республика прокуратура органының құрылған күнін атап өтеді. Еліміздің прокуратурасы сонау 1922 жылы Қазақ АСС-нің Әділет халық комиссариатының құрамында жұмысын бастаған. 1933 жылы прокуратураның қызмет аясы кеңейтіліп, комиссариятта прокуратура басқармасы құрылады.

001

Оңтүстік Қазақстан облысының прокурорлары да өздерінің төл мерекелерін атап өтті. Сала мамандарыныѕ кәсіби мерекесі қарсаңында салтанатты жиын ұйымдастырылып, құзырлы орган қызметіндегі бірқатар мамандардың шені өсті. Енді бірінің еңбегі еленіп, арнайы марапатқа ие болды.

Солардың бірі – Нұрғали Асқанбеков Сарыағаш ауданының прокуроры болып қызмет етіп келеді. Жас маман құзырлы орган қызметкері үшін халық тыныштығын сақтау ең бірінші орында тұрады деп санайды. Әріптестерін де құттықтап өтті.

[youtube]http://youtu.be/GLf-zpdOtVo[/youtube]

Адам құқығын қорғауда,ел тыныштығын сақтауда прокуратура қызметкерлерінің жұмысы орасан. Бүгінгі марапаттау рәсімінде өңір бойынша осы құзырлы орган өкілдерінің бірқатарының еңбегі бағаланды.

[youtube]http://youtu.be/0wlla8OEDMg[/youtube]

Еліміздің прокуратура қызметкерлерінің төл мерекесі осымен 23-ші жыл қатарынан аталып өтілуде. Елдің игілігі үшін қызмет етіп жүрген сала мамандары ашықтықты жандарына серік еткен. Бас прокурордан бастап азаматтармен ашық әңгімелесуге дайын. Апта сайын қоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтардың құқықтарын қорғап келеді.