Бәйдібек ауданында жаңа нысандар ашылды

1264

Жаңа нысандар – жақсы нышандар. 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Оңтүстік Қазақстан облысында 24 әлеуметтік нысан ашылып, ел игілігіне берілді. Аталған нысандардың соңғы үшеуі Бәйдібек ауданында тапсырылды.

009

Алдымен Борлысай ауылдық округіндегі мыңнан астам тұрғыны бар Қошқарата елдімекенінде фельдшерлік акушерлік пункт пайдалануға берілді. Шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Батырбек Көшербай ауыл тұрғындарын еліміздің ұлық мерекесімен құттықтады. Биылғы жылдың мамыр айында басталған құрылыс жұмыстары жеті айда толық аяқталған. Бұл үшін облыстық қазынадан 32 млн. теңгеге жуық қаржы бөлініпті. Медициналық нысан қажетті құралдармен жабдықталған.

008

Осы күні Ақбастау елдімекенінде пайдалануға берілген ауылдық әкімшіліктің жаңа ғимараты ауыл тұрғындарын ерекше қуантты. Қазынадан 26 млн. теңге жұмсалып, тоқырау жылдары жекеменшікке өткен ғимарат 3 млн. қаржыға кері қайтарылған. Екі қабатты нысанға 23 млн. теңгеге күрделі жөндеу жүргізілген. Енді Ақбастаудағы жергілікті билік жайлы да сәулетті ғимаратта ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсетпек.

010

Тәуелсіздік күніне орай тамаша тарту болған Жамбыл елдімекеніндегі 150 орындық еңселі мәдениет үйі ауыл жастары мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуге ықпал етеді. Облыстық қазынаның 165 млн. теңгесіне бой көтерген ғимарат құрылысы бір жылда аяқталған. Мәдениет үйі қажетті құрылғылармен жабдықталған.

006

Жаңа жылдан бастап іске кірісетін мұндағы үйірмелер ауыл тұрғындарына мәдени-рухани қызмет көрсетеді деп күтілуде. Мәдениет үйінің ашылу салтанатына жиылған жамбылдықтар ел Тәуелсіздігінің 23 жылдығына арналған меркелік жиынға қатысып, мерекелік көңіл-күймен тарқасты.

011

Дереккөз: ОҚО әкімдігі аппаратының баспасөз қызметі