Дәл осы сәттерде облыстық көрме орталығында «Дала аңыздары» атты байқау өтіп жатыр. Қалалық байқауға 100-ден аса жасөспірімнің 200-ге жуық шығармасы келіп түскен.
Кескіндеме, графика және сәндік қолданбалы өнер түріндегі туындылар аңыздарға негізделген. Шығармаларда Арыстан баб пен Қожа Ахмет Яссауи, Қырық қыз таулары, Қорқыт, т.б. қазақ халқының аңыздары бейнелеген. Мұның барлығы мектеп оқушыларының қолдарынан шыққан туындылар. Үздік деп танылған шығармалар халықаралық байқауларға жолданатын болады.