Оңтүстіктің бірнеше азаматы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан өнер мен әдебиет саласындағы үздіктер ретінде марапатқа ие болып, мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды.
Тарихи-монументалды сяабақ кешенін дүниеге әкелген авторлар — облыс әкімі Асқар Мырзахметов, бас сәулетші Бақытжан Әшірбаев, мүсінші Насыр Рүстемов, Әмірхан Шүменов, Нұрлыжан Бөкебаев сынды азаматтар өз елінің нағыз патриоттары екенін еңбегімен дәлелдеді. Олар елге керемет сый жасады.