Кәсіпкерлер мүшелік жарнаны дер кезінде төлеуі тиіс

398

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының заңына сәйкес, 2014 жылдың 31-желтоқсаны күні мүшелік жарнаны төлеу мерзімі аяқталады. Осыған орай бүгін ОҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ғани Қарабеков БАҚ өкілдеріне баспасөз-мәслихатын өткізіп, онда міндетті төлемді өтеу жөнінде мәлімет берді.

002

Шағын және орта бизнесті дамытуда Елбасының бастамасымен құрылған кәсіпкерлер палатасы бүгінде түрлі деңгейдегі кәсіпкерлердің мүддесін қорғап келеді. Алайда осы тұста міндетті төлемдер — жарна төлеуден бас тартатын ірі және орта бизнес өкілдері жетерлік екен. Жылды қорытындылаған өңірдегі кәсіпкерлер палатасы бірінші және екінші санаттағы бизнес өкілдерін заңмен бекітілген жарнаны төлеуге шақырады.

[youtube]http://youtu.be/B6UIsPMQtFE[/youtube]