Көші-қон карточкасын қолдан жасайтын алаяқтар ұсталды

332
мөр

Алаяқтардан амал артылмайды. Облыста көші-қон карточкасын қолдан жасайтын пысықайлар пайда болған. Прокурорлық тексерулер кезінде Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан елдерінен келген 30-ға жуық жуық шетел азаматының жалған мөр басылған құжатты пайдаланып жүргені анықталып отыр.

мөр

Қадағалау органы қызметкерлерінің айтуына қарағанда, мұндай құжаттардың әрбірін алаяқтар 2 мың теңгеге бағалап отырған. Дәл осындай жалған құжат жасаумен айнасықан облыс тұрғыны полиция басқармасының алдында құрықталды. Айта кетейік, құзырлы орган қызметкерлері жалған көші-қон карточкаларын саудаға салған алаяқтарды әшкерелеу мақсатында тиісті шараларды жалғастырып жатыр.