Камаз бен автобус соғысып, бір адам қаза тапты

311
фото: //novayagazeta-ug.ru

Оңтүстік Қазақстан облысында ірі жол-көлік оқиғасынан 1 адам мерт болып, 7 адам жарақаттанды. 23-желтоқсан күні таңғы сағат 07:30-да Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасына хабарлама келіп түскен.

фото: //novayagazeta-ug.ru
фото: //novayagazeta-ug.ru

Алматы-Термез тасжолында болған жол апаты орнына жеткен полицейлер автобус мен жүк көлігі соғысқанын анықтайды. 34 жастағы Сарыағаш ауданының тұрғыны «Ванхол» жолаушы тасымалдайтын автобусының рөлін игере алмай, бір бағытта алдында жүріп бара жатқан, 42 жастағы Сарыағаш ауданы тұрғынының басқаруындағы «Камаз 5410» жүк көлігінің артынан соққан.

Соның салдарын автобуста отырған 37 жастағы Өзбекстан азаматы алған ауыр дене жарақаттарынан оқиға орнында мерт болды. Ал автобустың жүргізушісі мен ондағы Өзбекстан және Сарыағаш ауданының тұрғындары — 1963, 1985, 1975 жылдары туылған үш азамат және 1950, 1983, 1993 жылдары туылған үш әйел әртүрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілген.

Бұл факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабына сәйкес (Көлiк құралдарын жүргiзушi адамдардың жол қозғалысы және көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жалғасуда.