Шымкенттегі 172-орамдағы үйде орын алған газ жарылысына үй иесінің өзі кінәлі. Жағдайды тексеру үшін құрылған арнайы комиссия мүшелері осылай дейді. Еске сала кетсек, 2-желтоқсан күні Арғынбеков көшесінің бойында орналасқан 2 қабатnы үйде көгілдір отынның таралуы салдарынан жарылыс болған еді. Соның кесірінен 9 жасар қызды күйік шалып, 50 жастағы әйел жарақат алып, ауруханаға түскен болатын.
Осы апатқа байланысты ведомства арасында арнайы құрылған комиссия мүшелері жарылыс болған үйді сырып тастап, газ құбырының бойын жете тексерген. Нәтижесінде үй иесінің газ плитаны ашық қалдырып кеткені анықталды. Соның салдары жарылысқа әкеліп соққан. Мамандар негізгі құбырдан үйге тартылған газ жүйесінде ешқандай ақау жоқ деп отыр.
[youtube]http://youtu.be/NNTpfBKNiT8[/youtube]
Бұған дейін осы келеңсіз жағдайды тексеру кезінде осы ауданда газ құбырын жердің астымен жүргізген «Шұғыла — 2002» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшылары өздерінің кінәсіз екендерін айтқан. Мердігерлер газ таратқышқа көгілдір отынды жобаға сәйкес жеткізіп бердік дейді.
«Үйге газды кім қосқанын білмейміз. Ал өзіміздің жұмысымызды біз заң аясында атқардық. Тәртіптен тыс ештеңе жасағанымыз жоқ — дейді «Шұғыла — 2002″ ЖШС бригадиі Болат Алдияров. — Үйдің иесінің бізге таған кінәсі жоқ. Тіпті, газ кранын жабуды өзі ұмытып кеткенін айтып, қолхат та жазып берген.»
Бұған дейін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Оңтүстіктегі филиалының өкілдері де бұл газ жарылысына өздерінің қатысы жоқ екенін айтып, ақталған.