Манкентте жаңа мешіт ашылды

653
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Манкент елдімекенінде “Бірлік-Ақаба” атындағы зәулім мешіттің ашылу салтанаты болып өтті.
003 (4)
Айтулы шараға Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігінің Оңтүстіктегі өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек арнайы қатысты. Шара барысында өкіл имам ата-бабаларымыз аңсаған еліміздің 16-желтоқсан тәуелсіздік мерекесі мен мешіттің ашылу салтанатымен құттықтады. Сондай-ақ, жаңа мешітте алғашқы жұма намазы оқылып, жұма уағызында бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің “Дін мен дәстүр” жылының маңыздылығына жан-жақты тоқталып өтті.
003 (5)
Біздің өңір Алла үйі мешіттерінің көптігімен әйгілі болып саналады. Жалпы облыс көлемінде 780 мешіт болса, соның 126 мешіті Сайрам ауданында орналасқан. Ал Манкентте 35 мешіт мұсылмандарға қызмет етіп келеді.
003 (3)
Қасиетті жұма күні ашылған “Бірлік-Ақаба” атындағы зәулім мешітке 300 намазхан құлшылық ете алады. Мешітте арнайы кітапхана, дәрісхана, қабылдау бөлмелері бар.
Алла үйінің бой көтеруіне осы ауылдың тумасы жеке кәсіпкер Камалов Исмат Диханұлы өз қаржысына салып, исі мұсылман жұртшылығына тәуелсіздік мерекесі қарсаңында тарту етті. Ол кісіге Алла разы болып, мүбәрак еткей!

Мұхамеджан Естеміров,
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша
өкіл имамының орынбасары.